АБАЙ ОБЛЫСЫ: БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

28 Маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлының бастамасымен Семей қаласындағы “SEMEY TV”, “ТВК 6” телеарналары мен облыстық “Abay Media Group” ЖШС қызметкерлеріне алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Абай облысы мешіттерінің қоғамдық жұмыстарына көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін ерекше алғыс білдіріліп, қызметтеріне сәттілік тіленді.

Асқар Әбітайұлының құттықтау хатында “Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Халқымызды бірлік пен берекеге, ізгілік пен имандылыққа ұйытуда атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ел игілігі жолындағы жұмыстарыңызға береке тілеймін!” – делінген.