АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚҰРБАН ШАЛЫНАТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ

Құрбан айт мейрамының басталуына да санаулы күндер қалды. Осы орайда, Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы, Семей қаласының әкімі орынбасары Қуаныш Адилбаевич, Ішкі саясат бөлімі, Ветеринария бөлімі, Полиция басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары және Құрбан айтта өткізілетін шараларға жауапты мешіт қызметкерлері Северный базарындағы мал сататын орынды, Жоламан кентіндегі, Дальный кентіндегі және Байғожин көшесіндегі алдын-ала келісілген мал сою орындарын аралап, қасапхана бөлмелерімен, ет сақтайтын тоңазытқыштармен танысып, дайындықтарын пысықтап өтті.

Мал союға арналған орындарға шариғи талаптар, санитарлық талаптар жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мейрам күндерінде белгіленген орындар үздіксіз қызмет атқаратын болады.