Қасиетті Құрбан айт күнінде еліміз бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары дең гейде өтті. Үйлестіру жұмыстарына бекітілген ҚМДБ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.
Мұсылман қауымының ұлық мейрамында қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобының мәліметі бойынша Құрбан айттың алғашқы күні Абай облысы бойынша онлайн форматта 39 қой, офлайн форматта 414 қой сойылды және онлайн форматта 19 ешкі, офлайн форматта 15 ешкі сойылса, ірі қара малдан 57 бас және 1 түйе сойылды. 531 мұқтаж отбасыға және 18 мекемеге құрбандық еті жеткізілді.
Облыс бойынша qurban.muftyat.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді. Уәкілдік құрбандыққа қатысты туындаған сұрақтар бойынша азаматтермен жеке жұмыс жасалып, мамандарымыз тиісті жауаптарын берді. Сұрақтар толығымен қанағаттандырылды.
Пікір қалдыру