АБАЙ ОБЛЫСЫ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Бүгін өңіріміздің барлық мешітінде Құрбан айт намазы оқылды.  Семей өңірі  «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітіндегі айт намазына Бас имам Асқар Әбітайұлы қатысып, жамағатты  мұсылмандардың ұлық мейрамымен құттықтап, Құрбан айт туралы уағыз айтылып, айт намазы оқылды.

Намаздан кейін айт хұтпасы оқылып, мешіт жамағаты Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп, дұға жасады.

Құрбан айт тек Айт намазын оқып, құрбандық шалумен ғана шектелмейді. Бұл күндері барынша бір-бірімізге жақсылық жасап, үлкендеріміздің батасын алып, балаларымызды қуантып, жоқ-жітіктің көңіліне қуаныш сыйлау да өте маңызды. Алла Тағала айттан айтқа аман-есен жеткізсін.