Аягөз қалалық мешітінде ҚМДБ бастамасымен әр өңірде өтіп жатқан Құран жарысы байқауы жалғасын тауып, Ақтайлақ атамыздың ізімен дін таратуға келген қожалар ұрпактарының қолдауымен «Саяқ баба» атындағы дәстүрлі жарыс өтті. Аягөз қалалық мешітінде дәріс алған шәкірттермен жамағат арасында қасиетті Құранның
30 – шы парасын жатқа және мәнерлеп оқумен қатар мағынасы сонымен бірге тәжуид ережелерінен сұрақтар қойылды. Қалалық мешіттің бас имамы Нұржан Медеуханұлы келген қонақтарға, демеушілерге алғыс білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Құран оқу оның артықшылығы жайлы уағыз – насихат айтты. Астана қаласынан келген Омар қари жарыс ережесін түсіндіріп, әділ қазыларды таныстырып өтті. Жарыс тартысты өтіп, жатқа оқудан – I – орын Мырзаханов Елдар 150 000 теңге, II – орын Бодавканов Әбубәкір 90 000 теңге, II – орын Қахарманов Әмір – 50 000 теңге және мәнерлеп оқудан – I – орын Толқынбай Мейрамбек – 120 000 теңге, II – орын -Амангелді Нұрсұлтан – 70 000 теңге, ІІІ – орын – Ахметов Қуаныш – 20 000 теңге
иеленді.
Жалпы қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табыс етілді. Осы жарыстың өтуіне атсалысқан Байкенже Бойтанұлына және Омар қари Сайфудинұлина, мешіт имамы Нұржан Медеуханұлына алғыс хат табысталды.
Пікір қалдыру