Семей қаласында Тыныбай мешітінің жанындағы сауат ашу курсында ақ жаулықты әжелеріміздің бастамасымен, қазақы отбасы құндылықтарын дәріптеу ниетімен «Дін мен дәстүр» тақырыбында рухани-танымдық шара өтті. Бұл рухани-танымдық шараның өтуіне қасиетті Құран аяттарын, Пайғамбарымыздың хадистерін және бас муфти Ержан Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» атты кітабы тірек болды. Шараны Қасиетті құран аяттарын оқұмен бастады.
Сауат ашу курсының ұстаздары «Әйел адамның босанудуан кейінгі күтімі» тақырыбында насихат айтты. Шәкірт қыздар «Бала тәрбиесі құрсақтан басталады», «Қазақ халқының қонақ жайлығы» тақырыбында баяндамалар оқып берді. Кезекте ақ жаулықты әжелеріміз нәрестенің туғаннан бастап бір жасқа дейінгі уақытта дәтүрімізде орындалатын амалдарды қойылым ретінде көрсетті. Айта кететін бір жәйт-мұсылмандық салттар әлдебір ырымға,адамға қатысты пайда болмаған, керісінше,пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан игі дәстүрлер. Ақ жаулықты әжелеріміздің бала тәрбиесіне қатысты көрсеткен дәстүрлерді тізбектеп айтсақ;
1) туылған нәрестемен сүйіншілеу. Пайғамбарымыз с.а.у. дүниеге келген кезде Суәйбә күң Әбу Ләһәбті сүйіншіледі. Осы хабарды естіген кезде Әбу Ләһәб Суәйбаны күңдіктен босатты.
2) Нәрестеге айтылатын тілек бата. Ибн Аббас р.а. батасы: «Алла саған берген тарту-сыйының берекесін берсін, Сый берушіге шүкіршілік қылғын, нәресте өссін, жақсылығын көруге нәсіп етсін!»
3) нәрестенің құлағына азанайту. Азан айтудың сырларының бірі – ол нәрестені Аллаға, Оған ғибадат етуге, Оның діні исламға шақыру. Азанның даусынан шайтанның ат-тоңын ала қашатыны.
4) тахник яғни баланың таңдайын тәтті нәрсемен сүрту. Бұл амалды тақуа,ізгі адамдарға тапсырған дұрыс. Жаңа туылған нәрестеге Пайғамбарымыз (с.а.у)ның жасағаны туралы сахих хадистер келген.
5) Баланың шашын алу. Пайғамбарымыз (с.а.у.)ның қызы Фатима Хасанды босанған кезінде: «Уа Фатима! Оның шашын алып, сол шаштың салмағындай күміспен садақа бер», деп бұйырған.
6) Ақиқа немесе шілдехана. Ақиқа туылған нәрестеге сойылатын мал. «Ұл бала үшін екі қой, қыз бала үшін бір қой сойылсын». (Термизи риуаяты).
7) Бесікке бөлеу оның пайдасы.
8) Бала бесіктен белі шыққан соң еңбектеп, біртіндеп тәй-тәй басып жүре бастайды, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.
Бұл жасалған рухани -танымдық шарадан мешіт шәкірттері, келген қонақтарымыз қазақ халқының салт-дәстүрінің негізі мұсылманшылықта жатқанын түсінді. Артынан дастархан жайылып, дастарханда бас қосты.
Семей өңірі «Әйел-қыздар секторы»