Қасиетті жұма күні Көкпекті ауданындағы Үлкенбөкен ауылында жаңа мешіт ашылып, халық игілігіне берілді. “Тұрарбек Тілеубергенұлы” атына берілген құлшылық үйінің ашулы салтанатына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы арнайы қатысты.
Салтанатты іс-шара барысында аудан басшысы сөз сөйлеп мешіттің бой көтеруіне демеушілік жасаған кәсіпкер Ринат Тұрарбекұлына алғысын білдірді. Сондай-ақ, ел үшін қызмет етіп жүрген азаматтың анасы Гүлзипа Құсайынқызы “Асыл ана” медалін табыс етсе, Данияр Тұрарбекұлына “Толағай табыстары” медалін табыстады.
Заманауи жабдықта салынған мешіт жанынан сонымен қатар бес жүз адамға арналып салынған қатымхана да орналасқан. Игі шара соңы жамағаттың жұма намазын оқумен жалғасты.
Кейін аудандық мәдениет үйінде танымал айтыскерлер Балғынбек Имашев, Дидар Қамиев, Айшолпан Тілеутай, Сырым Әуезханның қатысуымен айтыс ұйымдастырылды. Жиналған жұртшылық ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Пікір қалдыру