СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ: ХАЗРЕТ ӘЛИ МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АТАЛЫП ӨТТІ

Семей қалалық Хазрет Әли мешітінің бас имамы Ахметжан Рахманұлының ұйымдастыруымен “Мұхаммед ﷺ – екі дүние сардары” деген атаумен Мәуліт мерекесі аталып өтіп өтті. Жұма күнгі құптан намазынан кейін мешіт жамағаттарына арналып ақ дастарқан жайылып, қалалық мешіт қызметкерлері мен жамағаттары да қонаққа шақырылды.

Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен көрке мінез-құлқылы дәріптелген кеште Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Қуаныш Файзоллаұлы Мәуліт оқып, Пайғамбарымызды (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) терең танудың, әр ісімізде үлгі тұтудың маңыздылығы, Алла елшісінің сабырлылығы, қарапайымдылығы, сөзі мен ісінің әрқашан бір жерден шығатындығы, адамдарға жанашырлығы мен кісі жанын терең түсінуі турасында насихат айтты.

Жиылған жамағат ардақты Алла елшісіне (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат арнап, мерекелі кештің берекесін шын жүрекпен сезінді.