image002(24)«Қос мұнаралы мешіті» Семей қаласында орналасқан. Құрылысы 1858 жылы Сүлейменов, Әбдешов, Рафиқов, Халитов деген есімді сол кездегі атақты көпестер қаражатымен басталып,1862 жылы салынған. Санкт-Петербург мемлекеттік тарихи мұрағатында осы мешіт жайында Семей қаласы мұсылмандарының бұрынғы өртеніп кеткен мешіт орнына жаңа мешіт салуды өтінген хаттары сақталған. Онда бұл мешіт «қалаға көрік берер еді, діни орталық болар еді» деп көрсетілген. 1897 жылы Василий Халитов деген көпес өз қаржысына ағаштан жасалған қос мұнараны кірпішке ауыстырып, мешітті қайта жаңғыртқан.

Осы мешіт ХІХ ғасыр басында-ақ бірте-бірте Тас мешіт деп аталып кеткен. Кеңес өкіметі кезінде мешіттің жұмысына тиым салынды. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығы қарсаңында ғана қайта іске қосылды. Жалпы, Қазақстан бойынша мұндай сәулетті архитектурамен салынған қос мұнаралы мешіт біреу-ақ. 2002 жылы қалалық әкімшілік, жергілікті кәсіпкерлер мен жұртшылық қолдауымен Қос мұнаралы мешіт күрделі жөндеуден өткізілді. Бастапқы архитектуралық үлгісін сақтай отырып жаңарған бұл ғимарат Семей қаласындағы тарихи көрікті орындардың біріне айналған.

image004(20)


Мұқанов Асқар Әбітайұлы 

ҚМДБ-ның ШҚО Семей өңірі бойынша бас имамы

1984 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында қазақ отбасында туған.

Осы ауылдағы «Б.Соқпақбаев»  атындағы  орта мектеп-гимназияда 1991—2001 жылдар аралығында оқыған. 2005—2013 жж…  Египет Араб республикасы Каир қаласы «Ал-Азһар»  Ислам университетінде «Шариғаттану» мамандығы бойынша тамамдады. Оқу жылдарында  ҚР-ның Египет Араб республикасындағы  елшілігінің тағайындауымен ҚР-ның Мысырдағы студенттерге жауапты староста қызметін атқарды. 2014—2016 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  «Исламтану»  мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2014 жылы Мәскеу қаласындағы «Терроризм мен Экстремизмнің алдын алу жолдары» мақсатында жүргізілген 2 апталық семинарға қатысып сертификат алды.

2015 жылы ҚР-сы Призиденті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында  саясаттану, әлеуметттану  пәндері бойынша 1 апталық семинарға қатысып сертификат алды.

2010 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, мешітте және «Үшқоңыр» медресесінде ұстаз қызметін атқарады.

2013—2015 жылдары  Алматы қаласы Бостандық ауданы «Орбита» мешітінде наиб имам қызметін атқарады.

2013-жылдан бері  ҚМДБ-ның жанынан құрылған  Республикалық ақпараттық-насихат (РАНТ) және Жергілікті ақпараттық-насихат (ЖАНТ) тобының тұрақты мүшесі. РАНТ жұмысы барысында теріс ағымның алдын алу мақсатында исламтанушы-теолог ретінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өңірлердегі кездесулерге белсенді түрде тұрақты қатысып, еліміздегі жалпы діни ахуал мен діни конфессиялық келісімнің тұрақтылығына өз үлесін қосып келеді.

2014—2015жж.  Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінде тәрбиеші ұстаз қызметімен жұмыс істейді.

2015 жылы қараша айынан бастап  Астана қаласы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде сауат ашу курсы, теріс ағыммен жұмыс жасау  бағыттары бойынша наиб имам қызметін  атқарды.

2017 жылы мамыр-желтоқсан айлары аралығында «Әлжан ана» мешітінің бас имамы қызметінде қызмет етсе, 2017—2018жж. Астана қаласының өкілі имамы, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы ретінде жұмыс істеді.

2018 жылдың қазан айынан бастап, 2019 жылдың қазан айына дейін «Нұр Астана» қалалық мешітінің бас имамы міндетін атқарды.

2017—2019жж. қазан айынан бастап «Әлжан ана» мешітінің жанынан ашылған «Имамдардың білімін жетілдіру және кәсіби қайта даярлау» Республикалық орталығының директоры қызметінде болды.

2019 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткізілетін жинасылтардағы ҚМДБ өкілі ретінде тұрақты қатысушысы.

Араб, тілін жетік меңгерген. Отбасылы, 4 баласы бар.