Ислам

Ассалаума алейкум! Халаф созiнiн магынасы? каза намаз,напiл намаздарында таспих тартылама? Намаз iшiндегi тiлауiт саждесi калай жасалады? 18мын галам дегендi калай тусунуге болады? Амин созi кай тiлден келген? Осы сурактарга жауап берсенiз. Алла разы болсын!


Уағалейкумассалам!!
Халаф сөзінің мағынасы кейін келгендер деген мағынаны береді. Хәләф ғұламалары бұлар сәләфтардан кейін келген ислам ғалымдары.Сәләфтарға сахабалар ,табиғиндер және табиғиндерді көрген Әтбәға әт-Табиғиндер жатады.
Имран ибн Хұсайын (р.а) жеткізген хадисте Аллаh елшісі (с.а.с): «Үмбетімнің ең жақсылары менің ғасырымда өмір сүргендер,сосын оллардан кейін келгендер,сосын оллардан кейін келгендер »,-деген.

Қаза нәпіл намаздарды оқып болғаннан кейін тәсбих тартуға болады. Тәсбих-Аллаh Тағаланы ұлықтап ,кемшіліктен пәктеу.
Намазда құран оқығанда сәжде аяты болса,намаздың жария не іштей оқылатындығына қарамастан тиләует сәждесін жасайды.Намаздың басында не ортасында сәжде аятын оқыса тиләует сәждесіне арнайы сәжде жасайды .Тиләует сәждесін жасаған кезде қолын көтерместен тәкбір айтып сәждеге барып сәждеде тәсбих айтып кейін қайта тәкбір айтып ,орнынан тұрып сәжде аятынан кейінгі аяттарды оқып намазын жалғастырады.
Әбу hурайра(Аллаh разы болсын) «Омар ибн әл-Хаттабтың таң намазында «Нәжім» сүресін оқыған кезде сәжде жасағаннан кейін (намазын) басқа сүремен жалғастырғанын көрдім» деген.Әл-Бәйhақи әс-Сунән әл-Кубра 2 том,323 бет.
18 мың ғалам деген сөз.Белгілі бір шектелген мағынаны білдірмейді.Керісінше «көп» деген мағынаны білдіреді .Бұл сөз көбінесе біздің халықтың арасында жиі айтылады.
Әмин сөзі ежелгі ескі Ибрани, Арами тілінен енген сөз. Әмин сөзінің ортақ мағынасы Я Раббым дұғамды қабыл ет дегенді білдіреді.