АБАЙ ОБЛЫСЫ: “АРДАГЕР” ҚҰС ФЕРМАСЫ ҚМДБ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жан-жақты қызметінің бірі мұсылман жұртшылығының адал аспен тамақтануына үлес қосу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ҚМДБ жанынан Халал стандарттау бөлімі жұмыс істеп келеді.

Осы бағытта Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы және ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің Абай облыстық филиалы басшысы Ардақ Меллетұлының жетекшілігімен Семей қаласындағы “Ардагер” құс фабрикасы Халал стандарттарының талаптары бойынша тексерістен өтіп, Халал сертификатын иеленді.

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Жұма уағызынан кейін мұсылман адамның өміріндегі адал астың маңыздылығына тоқтала келе, аталмыш сертификатты “Ардагер құс” фабрикасының басшысына жамағаттың алдында табыстап, жұмыстарының жемісті болуына тілектестігін білдірді.