ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі – Арман Қуанышбаев Абай облысына ресми іс-сапармен келіп, бірқатар кездесулер мен уағыз-насихат жиындарына қатысты. Атап айтқанда, Семей қалалық №20 мекемесінде жазасын өтеушілермен топтық жұмыстар жүргізді.
Сондай-ақ, Семей қалалық Әли, Қос мұнаралы мешіттерінде кешкі ақшам намазына жиналған жамағаттарға уағызын айтты. Кездесу соңында жамағаттар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Сонымен қатар, қаламыздағы “Дальный” кентіндегі қарилық медресесіне арнайы барып медресе шәкірттерімен жүздесіп, уағыз-насихатын айтып, батасын берді.

























Пікір қалдыру