АБАЙ ОБЛЫСЫ: “ИСЛАМ НҰРЫ” ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, Қазақстанның құрметті журналисі, Абай облыстық «Ислам нұры» діни-танымдық газетінің бас редакторы Дәулет Тілеубердиев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Абай облысының әкімі Берік Уәли салтанатты түрде табыстады.
Жиырма алты жылдан бері ұлттық және рухани құндылықтарды, асыл дініміздің тағылымын насихаттап, өңір мұсылмандарын имандылыққа, ізгілікке үндеп келе жатқан белгілі журналистің еңбегі жоғары бағаланды.
Дәулет Тілеубердиевті лайықты мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, шығармашылық табыс, еңбегіне толағай жетістіктер тілейміз!