ҚМДБ-ның Семей қалалық “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде Семей ядролық полигоны құрбандарын еске алып, рухтарына құран бағышталды.
Еске алу, дұға ету шарасы Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен жүзеге асты. Орталық мешітте жұма намазынан кейін құран оқылып, Семей ядролық сынақ полигонының зардабын тартқан жандардың рухтарына дұға жасалды.
Айта кетейік, 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні. Бұл айтулы күнді еліміздің тарихындағы ядролық қарудан азат болғанымызды ұғындыратын күн ретінде еске аламыз.






















Пікір қалдыру