2026 жылдың 17 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агрөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясында діни экстремизм мен радикалды діни ағымдардың алдын алу және олардың ықпалына жол бермеу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру бағытындағы жиналыс өткізілді.
Жиналысқа облыстық аумақтық инспекцияның мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Zoom платформасы арқылы аудандық аумақтық инспекциялардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Кездесуге арнайы шақырылған Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Ардақ Меллетұлы «Дәстүрлі ислам құндылықтары мен діни сауаттылық және жат ағымдардың ықпалы мен олардың алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында дәстүрлі ислам құндылықтарының маңызы, діни сауаттылықты арттыру, жат діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері және олардың ықпалына қарсы алдын алу шаралары туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни мәселелерге қатысты ақпаратты дұрыс қабылдау, күмәнді діни көзқарастар мен радикалды идеологияның жетегінде кетпеу, жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Жиналыс қорытындысында қатысушыларға діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту, қоғамда тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтау қажеттігі айтылды.

























Пікір қалдыру