Жастардың діни танымын тереңдету, ұлттық рухани мұраны дәріптеу және дәстүрлі Ислам құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Тағылымды бас қосуды Абай облысы бойынша ҚМДБ Жастар ісі секторының жетекшісі Ералы Нұғыман және Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Ардақ Меллетұлы жүргізді. Абай облыстық орталық жанындағы Студенттер үйінде өткен кездесуде қазақ даласындағы мұсылмандық білім беру дәстүрі, ата-бабаларымыздың діни танымы мен рухани мұрасы туралы ой қозғалды.
Сондай-ақ, жиын аясында аталған тақырыпта ҚМДБ Муфтият баспасынан шыққан кітап талқыланып, ондағы тарихи деректер мен маңызды тұжырымдар ортаға салынды. Жастар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың ұлттық және діни құндылықтарға деген құрметін арттырып, бабалардан жалғасқан рухани сабақтастықты терең түсіндіру.






















Пікір қалдыру