АБАЙ ОБЛЫСЫ: ОБЛЫС ІС БАСҚАРУШЫСЫ ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Абай облысы бойынша іс басқарушы – Ержан Меңдібайұлы Мақаншы, Үржар, Аягөз және Жарма аудандарында іс-сапармен барып қайтты.

Іс сапар барысында мешіт құжаттарын бір жолға қою тақырыбында аталған аудандар бойынша Ішкі саясат басқармасының мамандары, жер қатынасы бөлімі, әділет басқармасы мен аудан имамдары қатысқан жиналыс өтті.

Жиында Ержан Меңдібайұлы “Мешіт құжаттарын рәсімдеу тәртібі”, «Мешіттің іс-қағаздары», «Есеп-қисап жасау жүйесі», «Кеңсе жұмыстары», «Мешіт жанындағы хатымханаларға қатысты санитарлық талаптар» және т.б. тақырыптарда ақпараттар берді.

Сондай-ақ аудандарға қарасты жергілікті мешіттердің құжаттарымен танысып, мешіт құжаттарын бірізділікке түсіруге байланысты тиісті тапсырмалар мен нұсқаулықтар берілді.