ҚАРИЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Құранды жатқа білетін жандардың Алла алдында да адамдар алдында да мәртебесі жоғары.  Қариға құрмет – Алланың сөзі Құранға құрмет болып саналады. Рамазан айының бірінші күнінен Семей қаласында 8 қари  Тарауық намазында Құран Кәрімді хатым етуде.

Бүгін сол қариларымызға Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлының мұрындық болуымен құрмет көрсетіліп, сияпат жасалды. Атап айтқанда, әр қариға 500 мың теңгеден, барлығы 4 млн теңге қаржылай сыйлық берілді.

“Алланың Өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас”, – деп Абай атамыз жырлағандай Жаратушы Иеміздің хақ сөзін жадына сақтап, амалға асырып жүрген қариларымызға құрмет көрсеткен дін жанашырына алғыс білдіреміз. Қариларымыздың оқыған Құрандары мен берген баталары қабыл болып, кәсібі әрдайым өрге домалап, әрбір игі ісіне Алла Тағала береке беруін тілейміз.