Оразада күндіз ұйықтап жатқан адамның ихтиләм[1] болып, ғұсылы бұзылғанымен, оразасы бұзылмайды. Сондай-ақ, сәресіне ғұсылсыз тұрған адамның сол күйінде ауыз бекітуіне болады. Тек таң намазына ғұсыл құйынуды ұмытпау керек. Бұл жайында Тирмизидің сүннәнында риуаят етілген хадисте Айша анамыз бен Умму Сәләмә анамыз былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у) жұбайларының бірінде түнеп, ғұсылы бұзылған күйі таң аттыратын. Кейін (таң намазына) ғұсыл құйынып оразасын жалғастыра беретін»[2].
[1] Үйқысында шәует бөлінуі
[2] Тирмизи, Китабус Сиям – 63-баб/779 хадис. Хасан-Сахих.
Абдсамат Қасым