Жер бетіндегі қандай бір адам болмасын оның іздейтіні әрине ол «бақыт». Тіпті, ол қандай дінде болсын немесе ешқандай дінде болмасын, ақылды кемеңгер болсын әйтпесе қарапайым ақыл иесі болсын барлығының іздегені тек «бақыт».
Адамзат бақытты іздегенімен көбі сол «бақыттың» жолын таба алмай адасып жатады.
Адамдардың көбісі «бақыт» деген дүние жинау деп ойлайды. Менің бұл сөзім дүние жинауға болмайды деген сөз емес бәлкім дүние жинауды тек бақыт деп санауға болмайды. Дүние жинау ол бақыттың негізі емес дегенді айтпақпын.
Қандай жақсы егер сол дүние салиқалы да тақуа адамдардың қолында болса.
Сахих хадисте Имам Ахмад және Тирмизи риуаят еткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты:
قال النبي صلى الله عليه وسلم .* انما الدنيا لاْربعة نفر \ عبد رزقه الله مالا و علما فهو يتقي فيه ربه و يصل فيه رحمه و يعلم اْن لله فيه حقا فهاذا باْفضل المنازل . و عبد رزقه الله علما و لم يرزقه مالا فهو صادق النية لله يقول \ لو اْن لي مالا لعملت فيه بعمل فلان فهو بنيته فاْجرهما سواء . و عبد رزقه الله مالا و لم يرزقه علما فهو يخبط في ماله بغير علما لا يتقي فيه ربه ولا يصل به رحمه و لا يعلم لله فيه حقا فهاذا باْخبث المنازل . وعبد لم يرزقه الله مالا و لا علما فهو يقول \ لو اْن لي مالا لعملت فيه بعمل فلان فهو بنيته و وزرهما سواء.*
«Расында дүние төрт адам үшін:
- Алла Тағала бірінші адамға дүние де және білім де берді. Ол Алладан шынайы қорқып, жақындарының арасын әр уақытта біріктіруші. Және ол осы дүние мен білімнің иесі Алла Тағала екенін жақсы біліп, Алла Тағаланың ризалығы үшін білімін де, дүниесін де мұқтаждарға жұмсайды. Осы адамның дәрежесі Алла Тағаланың алдында өте жоғары.
- Алла Тағала екінші адамға білім береді де дүние бермейді. Бірақ, оның Алла Тағалаға деген ниеті пәк. Ол адам айтады: «Егер мен де бәленшенің дүниесіндей дүние болса, сол сияқты мұқтаждарға берер едім» дейді. Ол адам сол ниеті үшін бірінші адамның алған сауабындай сауап алады.
- Алла Тағала үшінші бір адамға дүние береді де білім бермеді. Ол Алладан шынайы қорықпайды, жақындарының арасын араздастырушы және ол осы дүниенің иесі Алла Тағала деп білмейді. Алла Тағаланың разылығы үшін дүниесін мұқтаждарға жұмсамайды. Осындай адамның дәрежесі Алла Тағаланың алдында өте жаман дәреже.
- Алла Тағала төртінші бір адамға дүние де және білім де бермеді. Бірақ ол адам айтады: «Егер маған Алла Тағала дүние бергенде мен бәленше сияқты мұқтаж адамдарға берер едім». Ол сол ниеті үшін екінші адам алған сауаптай сауап алады». (Бұл хадис Имам Тирмизидің 3024 реттік нөмірінде, Имам Ахметтің муснадінде 4 (230-31) беттерінде, Ибн Мажаның 4228 бетінде келген).
Мен дүниені бақыттың себептерінің бір себебі емес деп айтпаймын. Бірақ дүниесі бар барлық адам бақытты емес екенін айтқым келеді. Өйткені, Құранда келген Қарұнның қиссасын көз жүгіртіп көрейік.
Сол заманда Қарұннан асқан бай болмады. Адамдар Қарұнның сыртынан «Қарұн неткен бақытты жан» деп айтатын. Бірақ Қарұнның өмірі немен біткенін Құран Кәрімнің Қисас сүресінің 81-ші аятынан білетін боларсыздар:
قال تعالي ** فخسفنا به و بداره الاْرض فما كان له من فئة
ينصرونه من دون الله و ما كان من المنتصرين.**
«Сонда, біз (Қарұнды) да, оның ауыла жайын да (жерге) жұтқыздық. Сосын, ол үшін Аллаһтан басқа жәрдем беретін бір жамағат (табылмады) және Қарұнның өзі де үстемдерден болмады».
Еуропадағы Унасис деген миллиардердің меншік аралдары мен көптеген жүк кемелері бар. Сондай-ақ, адам және жүк тасымалдайтын меншік ұшақтары бар миллиардер өзі өлгеннен кейін осы дүниенің барлығын Кристина Унасиске тастап кетті. Бірақ, миллиардтары бола тұра Кристина бақытты болды ма екен?
Кристина алғаш американдық жігітке тұрмысқа шықты. Бірақ онымен ұзақ тұра алмады. Тек бірнеше ай тұрып, ақыры ажырасып тынды.
Кейін грециялық бір азаматқа тұрмысқа шықты. Бірақ отасқандарына бірнеше ай болмай онымен де ажырасты.
Үшінші мәрте франциялық азаматқа тұрмысқа шықты. Үйлену тойын Францияда өткізді. Журналистер Кристинадан: «Сізді ең бай әйел дейді ғой?» – деп сұрағанда Кристинаның жауабы төмендегідей болды: «Иә, мен өте бай және өте бақытсыз әйелмін» дейді». Кристина французбен біраз уақыт бірге тұрды да ажырасып кетті. Кейін Кристинаның жансыз денесін Аргентинаның қонақ үйінен тапты.
Иә, кейбір адамдар «бақыт» деген ол – елге танымал болу деп ойлайды.
Танымалдық мүмкін бақытты болудың себептері шығар немесе ол бақытсыздыққа апаратын бір жол болуы да мүмкін.
Бағзы біреулер «бақыт» дегеніміз ол мансапқа ие болуың дейді. Мүмкін мансап адамды бақытты ететін себептердің бірі болады. Егер сол мансапқа жеткен адам Алладан қорқып, бұл маған берілген аманат деп білсе. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абу Зарға:
قال النبي صلى الله عليه وسلم لاْبي ذر رضي الله عنه \ يا اْبا ذر
انها امانة وانها يوم القيامة خزي و ندامة الا من اْخذها بحقها و اْدي الذي
عليه فيها .*
«Я, Абу Зар! Мансап деген ол үлкен аманат. Егер аманатқа қиянат қылсаң қиямет күні үлкен өкініш әкеледі. Тек аманатқа қиянат етпеген болса, қияметте үлкен өкініште болмайды. (Яғни үлкен сауабқа ие болады)» – деді. (Сахих Муслимнің 1826-шы саны хадис).
Бірде Омар бин Хаттаб күннің ыстығында далада асығып кетіп бара жатады. Оны көрген Осман (р.л.ғ.): «Я, Омар халифа! Күннің ыстығында қайда бара жатырсың?» деп сұрайды. Сонда Омар (р.л.ғ.): «Садақаға берілген түйе босанып кетіпті. Ол жоғалып кетсе қиямет күні жауап беремін бе деп қорқамын» – деген екен.
Кейбір адамдар шынайы бақыт ол батыс елдерінде деп ойлайды. Батыстың балалары «нағыз бақытты» деп санайды. Қазіргі жастар осы оймен батысқа еліктеп, өзіміздің салт-дәстүрімізді тіліміз бен дінімізді ұстану ар деп санайды.
Біз батыс елінің материалдық тұрғыда алдыңғы қатарда екенін әсте жоққа шығармаймыз. Әйтсе де, өмірдің барлығы тек материалдық тұрғыдан бағаланбайды. Расында, батыс елі адамға керектің барлығын берді. Бірақ, рухтың азығын бере алмады. Сол рухтың азығының жоқтығынан көптеген жастар өздеріне қол жұмсауда.
Ислам діні адамды бейбітшілікке, достыққа, әділеттілікке жетелейді. Тіпті, басқа дін өкілдерімен осындай бейбітшілік пен әділеттілікке өмір сүруге шақырады.
Бірде бір еврей Али (р.л.ғ.)-ның сауытын ұрлап алады. Али (р.л.ғ.) сол уақытта мұсылмандардың халифасы еді. Али (р.л.ғ.) мен еврей екеуі шағымданып, қазының алдына келеді. Қазы Али (р.л.ғ.)-дан не болғаны жайында сұрайды. Али (р.л.ғ.): «Сауыт менікі, мен оны ешкімге сыйға бермедім де және сатпадым» дейді. Қазы еврейден болған жайды сұрайды. Еврей: «Сауыт менікі, Али (р.л.ғ.) халифа өтірік айтады» дейді. Қазы Али (р.л.ғ.)-ға: «Сіздікі екеніне қандай дәлеліңіз бар?» деп сұрайды. Али (р.л.ғ.): «Менің ешқандай дәлелім жоқ» деп жауап береді. Қазы сауыт еврейдікі деп шешті. Сауытты алып үйіне қайтып бара жатып жолда еврей өзіне былай дейді: «Мұсылмандардың патшасы Алидің қазысы істі менің пайдама шешті. Расында, Али неткен әділ еді. Оның бойынан Пайғамбарлардың мінез-құлқы табылады» деп орта жолдан Алидің үйіне қайтып келеді де еврей былай дейді: «Я, мұсылмандардың халифасы! Расында мына сауыт сіздікі еді. Мен өзіңізге қайтарып беруге келдім» дейді де «Ашһаду ән Лә илаһә уә әшһаду әннә Мұхаммадар Расулулла» деп иман келтіреді. Али (р.л.ғ.) әлгі еврейге: «Енді сен иман келтірдің, осы сауытымды саған сыйлыққа бердім» деп Али (р.л.ғ.) сауытын сыйға тартады.
Әлбетте, адам баласының жүрегіне иман ұяласа, бұл дүниедегі кедейлік немесе байлық оны бақытсыз ете алмайды.
Сахих Муслимде 39, 80-ші реттік саны Имам Ахмад 6 том 116 бетте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:
قال النبي صلى الله عليه وسلم .* عجبا لاْمر المؤمن ان اْمره كله
له خير ان اْصابته سراء شكر فكان خيرا له و ان اْصابته ضراء صبر
فكان جيرا له.*
«Мұсылманның қандай ісі болсын таңғаларлық. Егер оған бір қиындық жетсе оған сабыр етеді. Ал егер оған бір жақсылық жетсе шүкір етеді».
Шынайы бақыт және оған жетудің жолдары:
Адам шынайы бақытты Аллаға иман келтіріп, жақсы амал істеу арқылы осы дүниеде бақытты болады. Алла Тағала Нахл сүресінің 97 аятында:
قال تعالي ** من عمل صالحا من ذكر اْو اْنثي و هو مؤمن فلنحيينة
حياة طييبة و لنجزينهم اْ جرهم باْحسن ما كانوا يعملون .**
«Ер немесе әйелден кім сенген бойда жақсы іс істесе, әлбетте оны осы дүниеде жақсы жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз».
Ал ахиреттегі бақытқа ие болу жайында Алла Тағала Қиямет сүресінің 22-ші аятында:
قال تعالي ** وجوه يومئذ ناضرة 22 الي ربها ناظرة 23 .**
«Қиямет күні кейбір жүздер жарқырап (22) Раббысына қарайды (23)» және Һуд сүресінің 105-106 және 108 аяттарында:
قال تعالي ** يوم ياْت لا تكلم نفس الا باذنه فمنهم شقي و
سعيد 105 فاْما الذين شقوا ففي النار لهم فيها زفير وشهيق 106 و اْما
الذين سعدوا ففي الجنة خالدين فيها ……**107
«Ол күн келсе, Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді. Олардың сорлысы да бақыттысы да бар (105). Ал енді сорлылар тозақта ыңыранып, шыңғырады (106) Ал енді бақытты болғандар, жәннаттық болады» (108).
Сахих Муслимде 9 том / 28-29 бет пен Сахих Бухариде 6549 санда, Имам Тирмизиде 2555 санда, Имам Ахмад 3 том 88 бетінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:
قال رسول الله صلي الله عليه وسلم \ * يقول الله تعالي \ يا اْهل
الجنة هل رضيتم؟ فيقولون \ و ما لنا لا نرضي و قد اْعطيتنا مما لم تعط
اْحدا من حلقك فيقول \ اْ لا اْعطيكم اْفضل من ذلك؟ فيقولون \ يا رب و
اْي شئ اْفضل من ذلك؟ فيقولون \ اْحل عليكم رضواني فلا اْسخط عليكم
بعده اْبدا.*
«Алла Тағала қиямет күні айтады: «Я, жәннат иелері сендер разысыңдар ма?» деп. Сонда жәннат иелері: «Қалай разы болмайық. Өзіңнің жаратқан пенделеріңнің ешқайсысына бермеген нәрсені бізге бердің». Сонда Алла Тағала айтады: «Осы берген нәрсемнен де жақсы нәрсе берейін бе?». Жәннат иелері: «Я, Раббымыз! Осы берген жәннатыңнан артық жақсы нәрсе бар ма?». Алла Тағала «Менің сендерге ризашылығым халал болды. Енді сендерге еш уақытта ашуланбаймын» деді».
Бақытқа жетудің жолдары:
Иман келтіріп жақсы амалдар істеу.
Тағдырға иман келтіру.
Адамдарға жақсылық жасау.
Сахих Муслимде 65 -77 бет, 2699 реттік саны Имам Тирмизи 1425 реттік саны кітабында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:
قال رسول الله صلي الله عليه وسلم * من نفس عن مؤمن كربة من كرب الدنيا نفس الله عنه كربة من كرب يوم القيامة و من يسر علي معسر يسر الله عليه في الدنيا و الاْخرة و من ستر مسلما ستر الله في الدنيا و الاخرة و الله في عون العبد ما كان العبد في عون اْخيه و من سلك طريقا يلتمس فيه علما سهل الله له به طريقا الي الجنة و ما جلس قوم في بيت من بيوت الله يتلون كتاب الله و يتدارسونه بينهم الا نزلت عليهم السكينة .*
«Кім осы дүниедегі мұсылман бауырының қайғысын сейілткен болса, Алла Тағала қиямет күні сол адамның қайғысын сейілтеді. Кімде-кім біреудің қиындығын жеңілдеткен болса, онда Алла Тағала осы дүниеде және ақиретте оның қиындықтарын жеңілдетеді. Кім мұсылманның кемшілігін жасырар болса, онда Алла Тағала оның кемшілігін осы дүниеде және ахиретте жасырады. Кімде-кім мұсылман бауырына жәрдем етсе, онда Алла Тағала оған жәрдем етеді. Кім білім іздесе, онда Алла Тағала оның жәннатқа барар жолын жеңіл етеді. Кімдер Алланың үйінде отырып, Құран оқып, бір-бірінен оны үйренсе, оларға періште түседі…»
- Дін жағынан кім сенен жоғары болса, соған қара, ал дүние жағынан кім сенен төмен болса соған қара.
Өйткені, сахих Муслимде 2963 реттік нөмірі хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:
قال رسول الله صلي الله عليه وسلم .* اْنظروا الي من اْسفل منكم
و لا تنظروا الي من هو فوقهم ..*
«Өздеріңнен төмендерге қараңдар да, өздеріңнен жоғарыларға қарамаңдар…»
Яғни дүние жағынан өзіңнен төменге қарасаң, Аллаһ Тағалаға шүкір етіп, қанағат қылғандардан болып, қияметте үлкен сауапқа ие боласыңдар.
ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша
өкіл имамы: Ержан Малғажыұлы
Семей қаласы.