Қасиетті Рамазан айында Құран Кәрім түсті және осы айда ораза ұстау парыз болды. Сол айда мың айдан артық бір түн Қадыр кеші түсті және пітір садақаны мұсылмандарға міндет етті. Осы айда қасиетті Мекке қаласы мұсылмандардың қолына өтті.
Құран Кәрімнің түсуі
Осы айда Алла Тағала Құран Кәрімді түсірді. Құран – адамзатқа тура жол көрсетіп, жүректерін нұрландырып, адамның жан дүниесін тазалаушы. Құран Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ға жіберілген кереметтердің ең ұлығы. Құран – адамзаттың жандүниесін емдеуші. Құран – адамзатқа дұрыс өмір сүру жолын көрсетуші.
Алла Тағала Құран Кәрімде Бақара сүресі – 185 аят:
قال تعالي ** شهر رمضان الذي انزل فيه القران هدي للناس و بينات من الهدي و الفرقان …**
«Рамазан айы, сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді».
Ораза ұстау
Осы айда Алла Тағала мұсылмандарға ораза ұстауды парыз етті. Әрине, ораза адамның жан тәнін тазартады. Мінез құлқын жақсартады. Аштықтың, шөлдің не екенін түсініп, Алла Тағаланың оған берген әрбір нығметтеріне шүкір ететін болады. Егер, ораза ұстаушы адам әл-ауқатты болса, ол бір сәт болсын осы дүниеде аш жүретін адамдар бар екен ғой деген түсінік келіп, кедейлерге мейірімділікпен қарайтын болады.
Мекке қаласының мұсылмандардың қолына өтуі
Осы ораза айындағы ең үлкен оқиға ол Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және оның сахабалары арман еткен қасиетті Мекке қаласы мұсылмандардың қолына өтті. Әрине, осы Мекке қаласында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мен сахабалар меккелік құрайштардан қаншама тепкі мен зорлық-зомбылық көрді. Олар осы қиындықтардан кейін діндерін сақтап қалу үшін Меккеден Медине қаласына көшуге мәжбүр болды. Сонда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мекке қаласынан шығып бара жатып артына қимастықпен қарап тұрып: «Я, Мекке қаласы! Егер мүшріктердің тепкісі болмағанда мен сені бір сәтке де тастамас едім» – дейді. Міне, осы Мекке қаласын енді ораза айында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және сахабалар қуанышпен кіріп, ондағы пұттарды құлатып, бір Алла Тағалаға бойұсынуға шақырды.
Қадір түні
Осы айда Алла Тағала Қадір түнін түсірді. Ол түн – мың айдан артық болған түн. Ол түні сіздің оқыған екі ракағат намазыңыздың сауабы жай күндері оқыған екі мың намаздың сауабын береді. Осы түнде періштелер сіздер үшін Алла Тағаладан истиғфар сұрайды және сол түні сіздерге періштелер: «Сендерге Алланың сәлемі болсын» деп тұрады және сендердің сол түн бойғы жасаған ғибадат дұға-тілектерің Алланың алдында қабыл болғанымен қуантады.
Алла Тағала Қадыр сүресінде:
قال تعالي ** انا انزلناه في ليلة القدر 1 و ما اْدرك ما ليلة القدر 2
ليلة القدر خير من اْلف شهر 3 تنزل الملائكة و الروح فيها باذن ربهم من كل اْمر 4 سلام هي حتي مطلع الفجر 5 .**
«Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік (1). (Мұхаммед (с.ғ.с.) Қадыр түннің не екенін білесің бе? (2). Қадыр түні мың айдан қайырлы (3). Періштелер және Жебірейіл (ғ.с.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі (4). Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады (5)».
Пітір садақа
Осы айда Алла Тағала мұсылмандарға пітір садақа беруді бұйырды. Пітір садақамен Алла Тағала пенденің ұстаған оразасын жоғары көтереді. Осы пітір арқылы жүректегі жамандық пен бақылдылық кетеді.
Алла Тағала Құран Кәрімде Тәубе сүресінің 103-аятында:
قال تعالي ** خذ من اْموالهم صدقة تطهرهم و تزكيهم بها …**
«(Мұхаммед (с.ғ.с.)) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:
قال النبي صلي الله عليه وسلم * صوم رمضان معلق بين السماء و الاْرض لا يرفع الا بزكاة الفطر.*
«Пенденің ұстаған оразасы пітір садақасын бермейінше жоғары көтерілмейді».
Осы айда жәннаттың есіктері ашылады да тозақтың есіктері жабылады. Абу Хурайра (р.л.ғ.)-дан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
قال النبي صلي الله عليه وسلم .* اذا دخل رمضان فتحت اْبواب الجنة و غلقت اْبواب النيران و سلسلت الشياطين…*
«Ораза айы кіргенде жәннаттың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылып, шайтандар шынжырланады».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
قال النبي صلي الله عليه وسلم * كل عمل ابن ادم يضاعف الحسنة بعشرة اْمثالها الي سبعمئة ضعف قال الله تعالي \ الا الصوم فانه لي و اْنا اْجزي به يدع شهوته و طعامه من اْجلي للصائم فرحتان فرحة عند فطره و فرحة عند لقاء ربه و لخلرف فم الصائم اْطيب عند الله من ريح المسك .*
«Адам баласының жасаған жақсы ісінің сауабы он еседен жеті жүз есеге дейін еселенеді. Алла Тағала айтады: «Тек қана оразаның сауабын өзім беремін, пендем Мен үшін шаһуаты мен тамағын тастады. Ораза ұстаған адам үшін екі қауаныш бар: бірінші қуанышы – ұзақ күн ораза ұстап кешке аузын ашқан қуанышы, екінші қуанышы – Раббысымен жолығу қуанышы. Ораза ұстаған адамның аузының иісі Алла Тағаланың алдында мисктің иісінен де әдемі».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты:
قال صلوات الله و سلامه عليه * ان للجنة بابا يقال له الريان قال \ يقال يوم القيامة \ اْين الصائمون ؟ هلموا الي الريان فاذا دخل اخرهم اْغلق ذلك الباب.*
«Жәннатта Раян атты есік бар. Қиямет күні: «Ораза ұстағандар қайда? Раян есігіне асығыңдар!» – делінеді. Сонда ораза ұстағандардың соңғысы кіргенде есік жабылады».
Имам Байхаки және Ахмад Баззар риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
قال النبي صلي الله عليه وسلم * اْعطيت اْمتي في شهر رمضان خمسا لم يعطهن نبي قبلي \ اما واحدة . فانه اذا كانت اْول ليلة من رمضان ينظر الله عز و جل اليهم ومن نظر الله اليه لم يعذبه اْبدا. و اْما الثانية \ فان خلوف اْفواههم حين يمسون اْطيب عند الله من ريح المسك . و اْما الثالثة \ فان الملائكة تستغفر لهم في كل يوم و ليلة . و اْما الرابعة \ فان الله عز و جل ياْمر جنته فيقول لها \ استعدي و تزيني لعبادي اْوشك اْن يستريحوا من تعب الدنيا الي داري و كرامتي . و اْما الخامسة \ فانه اذا كان اخر ليلة غفر لهم جميعا فقال رجل من القوم \ اْ هي ليلة القدر يا رسول الله ؟ فقال \ لا اْلم تر الي العمال يعملون فاذا فرغوا من عملهم وفوا اْجورهم .*
«Менің үмбетіме басқа үмбеттер мен Пайғамбарларға берілмеген бес нәрсе берілді. Біріншісі: Ораза айының бірінші түнінде Алла Тағала ораза ұстағандарға назарын салады. Кімге Алла Тағала назарын салған болса, оны ешуақытта азаптамайды. Екіншісі: Ораза тұтқан адамның аузының иісі Алла Тағаланың алдында мисктің иісінен әдемі. Үшінші: Ораза ұстағандар үшін Періштелер Алла Тағаладан истиғфар кешірім сұрайды. Төртінші: Алла Тағала өзінің жәннатына бұйырады: «Менің пендемді қабылдауға дайын бол, олар ана дүниеден шаршап келгенде олар Менің жәннатыма кіріп рахаттансын». Бесінші: Түннің соңында Алла Тағала пенденің барлық күнәларын кешеді. Бір адам Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нан сұрады: «Я, Алланың Елшісі! Ол түн Қадір түні ме?» деп. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жоқ, жұмысшылар жұмыстарын істеп болған соң, сол жұмыстары үшін еңбек ақыларын алғандарын көрмедіңдерме».
Қиямет күні ораза ұстаған адамды үлкен сыйлықтар күтіп тұр. Сондықтан, осы айды мұсылман жұртшылығы қуанышпен қарсы алады. Бір-бірлерін оразаның келуімен құттықтайды.
Ораза айында Алла Тағала ораза ұстауды міндет етті
Алла Тағала Құран Кәрімде Бақара сүресінің 185-аятында:
قال تعالي .** فمن شهد منكم الشهر فليصمه …**
«Сендерден кім ораза айына жетсе ораза ұстасын».
Оразаның фазилеті жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нан көптеген хадистер жетті. Оразаның адам баласын күнәдан қорғайтынын баян етті. Сондай-ақ, Алла Тағала жек көретін істерді істемеуі, оразамен күнәнің кешірілуі, дұғаның қабыл болуы, үлкен сауапқа ие болып ақыры жәннаттық болуы жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нан көп хадистер келді.
Муғаз бин Жабалдан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты:
*عن معاذ بن جبل رضي الله عنه اْن النبي صلي الله عليه وسلم قال له \ اْ لا اْدلك علي اْبواب الخير ؟ قلت بلي يا رسول الله . قال \ الصوم جنة و الصدقة تطفئ الخطيئة كما يطفئ الماء النار .*
«Я, Муғаз! Жақсылықтың есіктерін көрсетейін бе?» деді. Әрине, көрсетіңіз я, Алланың Елшісі дедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ораза қалқан, отты су өшіргендей садақа да істеген қателіктерді өшіреді».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
قال النبي صلي الله عليه وسلم \ * الصلوات الخمس و الجمعة الي الجمعة و رمضان الي رمضان مكفرات لما بينهن اذا اجتنبت الكبائر.*
«Күнделікті бес уақыт намаз. Бір жұма намазынан келесі жұма намазы, бір оразадан келесі оразаның арасы кіші күнәларды кешеді. Егер үлкен күнәлардан сақ болса».
Әбу Умамадан (р.л.ғ.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ға айтты:
و عن اْبي اْمامة قال \ اْتيت النبي صلي الله عليه وسلم فقلت \ مرني بعمل يدخلني الجنة . قال \ عليك بالصوم فانه لا عدل له ثم اْتيته الثانية فقال \ عليك بالصوم .*
«Я, Алланың Елшісі! Мені жәннатқа кіргізетін амалды маған бұйыршы» дедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ораза ұста, өйткені оған тең келер ғибадат жоқ» – деді. Мен екінші мәрте тағы сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екінші мәрте де «Ораза ұста» деп бұйырды.
- Сәресіні қалай ішеміз?
Сәресі жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) онда береке бар деген. Сондықтан, сәресіні ішкен жөн. Сәресіні таң намазына 10-15 минут қалғанға дейін ішіп болған жақсы. Ал енді кім кешігіп ұйқысынан тұрып жатса таң намазының уақытына дейін ішіп болу керек. Егер біреу сәресіне ұйықтап қалған болса, таң намазының уақыты кіріп қойған болса, онда ниет қылып ешнәрсе ішпестен ауыз бекіту керек.
Ораза ұстаған адам спортпен айналысса денесінен шыққан тері оразасын бұза ма?
Ораза ұстаған адам спортпен айналыса беруіне болады. Егер оған ауыр болмаса болды. Яғни, денеден шыққан тер оразаны бұзбайды.
Ораза ұстаған адамға қан алдыруға бола ма?
Ораза ұстаған адамға қан алдыруға болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ораза ұстап жүріп «хижама» – (қан алдыру) жасатқан.
Ораза ұстаған адамға укол салдыруға бола ма?
Егер салдыратын уколы адамның қанына барып оған күш беретін болса, онда укол салдыруға болмайды. Мысал: (глюкоза т.б. дәрілер). Ал егер укол адамға күш беретін дәрі болмаса мысалы: ыстықты түсіру, қан қысымын түсіру, укол салу т.б. оразаны бұзбайды.
Ораза ұстаған әйел адам бала емізсе, оразасы бұзыла ма?
Ораза ұстаған әйел баласын емізсе оразасы бұзылмайды.
Ауыр аяқ әйел және омырауда баласы бар әйел ораза ұстаса бола ма? Немесе ұстамай фидя (өтеу) берсе болма ма?
Ауыр аяқ әйел немесе омырауда баласы бар әйелге егер ораза ұстау жеңіл болса ұстаса болады. Ал егер оларға ораза ұстау ауыр болса, онда ауыр аяқ әйел баласын босанғаннан кейін, омыраудан шығарғаннан кейін оразаның қазасын өтеуі керек. Олар фидя бере алмайды. Фидяны жасы егде тартқан оразаны көтере алмайтын қарттар мен ауруынан айықпайтын адамдар ғана бере алады.
Сапарда ораза ұстаған абзал ма?
Алла Тағала Бақара сүресінің 184 аятында:
قال تعالي .** فمن كان منكم مريضا اْو علي سفر فعدة من اْيام اْخر.**
«Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтелер…»
Сапардағы адамға ораза ұстау ауыр болмаса ораза ұстағандары абзал. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Имам Муслимнің 96/1116 хадисінде:
قال رسول الله صلي الله عليه وسلم .* المسافر اذا اْفطر رخصة و ان صام فهو اْفضل.*
«Сапардағы адам егер ораза ұстамаса рұқсат, ал ораза ұстағаны абзал».
Оразаны ұстаған адам баласын немесе әйелін сүйсе ораза ашылып кетпей ме?
Ораза ұстаған адам баласын немесе әйелін сүйсе оразасы ашылмайды. Тек егер әйелін шаһуатпен сүйсе ораза ашылып кетуі ықтимал.
Ержан қажы Малғажыұлы
Қазақстан Мұсылмандары Діни
Басқармасының Семей аймағы
бойынша өкіл имамы.