Қардан мұнарасы ғана көрінген мешіт

398295_1483505395Түркияның Ағры елдімекеніндегі қар астынан шығып тұрған мешіт мұнарасы алғаш көргендерді таң қалдырмай қоймайды. Бұл –мұнара Йазыжы тоғанының астында қалған мешіттің мұнарасы.

Су астында қалған мұнара қыста жер астындағы мешіттің мұнарасындай көрінеді. Ал, жазда құдды су астында мешіт салынған ба деп қаласың. Сол жердің тұрғыны Аккая: «Бұл жерде бұрын 250 үй бар еді. Қазір 22 ғана үй қалды. Ауылдастардың көбі Ыстамбұл, Гебзе қалаларына көшіп кеткен», – дейді. Аккаяның өзінің де үйі осы тоғанның астында қалған.

ihsan.kz