Аягөз қалалық мешіті жанындағы қыз – келіншектер бөлімінің Мәуліт мерекесі.

 Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында мешіт жанынан құрылған қыз – келіншектер бөлімі мүшелері «Сағындым сені Мұхаммед (с.ғ.с)» атты тақырыпта Мәуліт мерекесін атап өтті. Қыз – келіншектер Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) салауат айтып, діни көріністермен қатар бейнеролик тамашалап, өлең – жырларын оқыды. Мерекеге арнайы келген ақжаулықты әжелер шашу шашып, разылықтарын білдірді. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы мерекемен құттықтап, ел – жұрт амандығын тілеп, дұға жасады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.