«Халал Даму» маманының Абай облысына іс-сапары аясында өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарда жоспарлы айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына «Халал Даму» бөлімінің технологы – Айжан Омарова, Абай облысы бойынша жауапты маман – Ардақ Меллетұлы қатысты.
Аталған аудит жұмыстарының негізгі мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін
Іс-сапар барысында мамандар Абай облысында орналасқан «Arai East Food» шұжық цехына және «Восток Бройлера» ЖШС (Ардагер құс фабрикасына), “АДАЛ АС” ЖШС, “БАУЫРДАҚ” ресторанына аудит жұмыстарын жүргізді. Тексеру кезінде өндіріс орнындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, шикізат сапасы, технологиялық процестердің дұрыстығы және құрал-жабдықтардың жағдайы жан-жақты қаралды.
























Пікір қалдыру