Абай облысы Әбу Бәкір – Сыддық мешітінің жамағатына ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің жергілікті өкілі Ардақ Меллетұлы семинар өткізді.
Семинар барысында мамандар халал мал союдың шариғат талаптары, қасапшылық әдебі, бауыздау кезінде орындалуы тиіс шарттар, санитарлық-гигиеналық талаптар және халал стандарттарының маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, адал ас ұстанудың мұсылман өміріндегі орны мен жауапкершілігі де сөз болды.





















Пікір қалдыру