АБАЙ ОБЛЫСЫ: “ХАЛАЛ-ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ” ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің Абай облысы бойынша өкілі Ардақ Меллетұлы Абай Құнанбайұлы орталық мешітінде имамдарға семинар-тренинг өткізді.

Семинар барысында Ардақ Меллетұлы кәсіпорындарға қалай тексеріс жұмыстары жүргізілетінін, халал сертификаттары қалай берілетінін және енгізілген өзгерістер төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, табиғи қоспалар және доңыздан өндірілген түрлі заттардың діни және ғылыми негіздерге сүйеніп, харамдығын дәлелдеп берді.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда Семей қаласында халал сертификатын алған 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс атқаруда. Аталмыш кәсіпорындарға кезекті тексеріс жұмыстары жүргізіліп, «QMDB Halal» сертификатының маңыздылығы түсіндірілуде. Сондай-ақ жаңадан сертификат алуға ниетті кәсіпорындармен кездесу ұйымдастырылып, өтініштері қарастырылды.