Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Аягөз қаласына жасаған сапары барысында орталық мешітте жергілікті жамағатпен кездесіп, тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында Бас имам білім алудың, ізденістің және кітап оқудың адам өміріндегі маңызына тоқталды. Ислам дінінде ілімнің алар орны ерекше екенін атап өтіп, мұсылман баласын үнемі білімін жетілдіруге, пайдалы кітаптар оқуға, рухани тұрғыдан кемелденуге шақырды.
Сондай-ақ, кітап оқудың ой-өрісті кеңейтіп, адамның дүниетанымын қалыптастырудағы рөліне тоқталып, жамағатқа пайдалы кеңестерін жеткізді.
Жиын соңында Асқар Әбітайұлы елдің амандығы мен тыныштығы, халықтың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасады.
Тағылымды жүздесу жамағатқа рухани серпіліс сыйлап, білім мен ізгілікке деген құлшынысын арттыруға бағытталды.
























Пікір қалдыру