Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы сауат ашу ғимаратында өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы және қажы апаларымыздың қатысуымен. Ардақты ана, инабатты қыз, ибалы келін тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» – деп, Ислам дінінде қыз баланың орны ерекше екенін айтып өтті. Қыз болашақ ана, болашақ келін. Отбасы қалай бой түзсе, қоғам да соның ырқында болады.
Қажы апаларымызда өмірлік тәжірибемен бөлісіп, ақыл кеңестерін айтты. Адамның айнаға қарап, өзін түзегені секілді, балалары да ата – анасынан өнеге, ғибрат алып, иманды, ибалы, инабатты болып өседі. Демек әйел адамның бойындағы бірінші қасиет – имандылық болғанын айтып өтті. Жиналған қауымға ақ баталарын берді.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.