Құрбан айт мерекесіне қарсаңында Семей аймағы бойынша өкілдігінің бастамасымен қаладағы қасапшыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырылды.
Оған қала наиб имамдары, мен қасапшылар, қатысты.
Алдымен Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Қожамұратов Елбек Тасболатұлы сөз алып, баршасын “Құрбан” айт мерекесімен құттықтады.
«Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Семей аймағы бойынша өкілі Тыныбай мешітінің бас имамы Аманжолұлы Біржан Малды шариғат жолымен сою үкімі” жайында дәріс оқып: «Кез келген істің дұрысын айқындап беретін, рухани тазалығымен қатар тән тазалығын, деннің саулығын қамтыған Ислам шариғаты әрбір мұсылманның өмірлік ұстанымы болуы тиіс. «Ауру астан» деген халқымыздың екі ауыз ұлағатты сөзі заманауи медицинамен нақтылануда және шариғатымыздың асқа қоятын талаптары заманауи медицинамен құпталып жатыр. Бұл да шариғат ережелерін бекем ұстануымызға тағы бір негізгі себеп болып табылады» -деді.
Шара соңында Елбек Тасболатұлы қасапшыларға келген жамағатпен сыпайы да, жылы жүзді болуға шақырды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.