Аягөз қалалық мешітіндегі жастар бөліміне Елбасы Жолдауы түсіндірілді.

Аягөз қалалық мешітінде жастар бөлімі мүшелеріне «Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі» атты тақырыпта Елбасы Жолдауына қолдау білдіру мақсатында семинар – жиналыс өтті. Бас имам Думан Нәдірұлы жиынды бастап, аудандық жастар орталығының директоры Саят Жанатұлы аталмыш жолдаудағы «бесінші басымдылықтың» «үшінші» тарауындағы діни сала бойынша баяндап, экстремизмнің алдын алу үшін интернет пен әлеуметтік желіні дұрыс қолдану мәселелеріне тоқталды. Жастар бөлімі мүшелері өз ойларын ортаға салып, жолдауға қолдау білдіретіндігін жеткізді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.