ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ “ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАР” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Аягөз қаласындағы №10181 әскери бөлімінде «Жат ағым – жарға жығар» атты тақырыпта әскерилермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді  Ақтоғай бекеті «Мәнсул» мешітінің имамы Мұрат Жақсылықұлы, 10181 әскери бөлімі командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Қошқаров өткізді. Имам Мұрат Жақсылықұлы жат ағымдардың қауіп-қатері жайлы, келімсек діндердің бізді жарылқамайтындығы және дәстүрлі дін жайлы ашып айтып берді. Сонымен қатар, кездесуде бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.