Ағымдығы жылдың 07-ші ақпан күні көппәтерлі тұрғын үй өртке оранып, 16 отбасы баспанасыз қалды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Хадис шәрифте былай делінген: «Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту »
Үржар аудандық орталық мешітінің бас имамы Нұрзат Қасым ұлы және мешіт жамағаты баспанасынан айырылған адамдардың хал-жағдайларын сұрап, сабырлыққа шақырып, үйсіз қалған адамдарға 227 000 тенге көлемінде қаржылай қайырымдылық жасады. Алланың разылығын алу үшін жасаған қайрымдылық іс-шарасын Алла Тағала қабыл етсін.
Үржар орталық мешітінің баспасөз қызметі