Мұғалімдермен және Ата-аналармен кездесу

 Үржар ауданы, Іляс Жансүгіров ауылдық орта мектепте мұғалімдермен және ата-аналармен кездесу болып өтті. Онда жергілікті бас имам Нұрзат Қасымұлы 2017 жылғы 31 қаңтарда мемлекет басшысының Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қаблеттілік» атты жолдауындағы бесінші басымдықтың үшінші тарауында діни салаға арнайы тоқталғаның айтты. Онда діни экстремизмнің алдын алу үшін интернет пен әлеуметтік желіні дұрыс қолдану т.б. шараларды іске асыру жөнінде нақты тоқталып өткен. Сонымен қатар имам «діни сауттылық және зайырлы қоғам» тақырыбында жиналғандарға кең түсінік берді.

Үржар орталық мешітінің баспасөз қызметі