АБАЙ ОБЛЫСЫ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Абай облысы бойынша Рухани келісім күніне орай ҚМДБ Жастар ісі секторы ұйымдастыруымен Семей қаласы мешіт қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, мешіт имамдары мен ұстаздарының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру.

Жарысқа жиырмаға жуық адам қатысып, бақ сынасты. Қатысушылардың ішінде жүзден жүйрік болып бірінші орынды “Тыныбай мешітінің” наиб имамы Медет Серікқазыұлы иеленді. Екінші орынды “Абай Құнанбайұлы” мешітінің ұстазы Еділ Қажытаев, ал, “Тас” мешітінің бас имамы Еркебұлан Қанатұлы үшінші орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.