Семей қалалық мешіт имамдарымен өткен жиын

Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітте қала  имамдарына арналған жылдың алғашқы кезекті жиыны өтті. Жиналыс барысында имамдарға  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық-насихаттық шаралардың сапалы орындалуы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыруды күшейту жұмыстары айтылды. Және жиын барысында Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Елбасымыздың халыққа арнайы жолдауын имамдарға жеткізді. Елбасы халыққа Жолдауында: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмді алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек», – деп атап өтті. Осы орайда Елбасымыздың биылғы жолдауы еліміздегі күрмеуі көбейген көптеген салаларды сауықтырады деген сенімдеміз. Бұл үшін Мемлекет басшысының ел игілігі жолындағы саясатына өз үлесімізді қосып, жұрт болып жұмылып жұмыс атқаруымыз қажет деп атап өтті өкіл имам!

 

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.