Өскемен: «Защита» мешіті Наурыз тойын бастады

Ұлтымыздың ұлық мерекесі Әз-Наурызды береке мен бірліктің мейрамы ретінде белгілеп өткізу туралы ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында ШҚО Өскемен қаласы «Защита» мешіті Наурыз тойын бастады.

Шойынжолшылармен бірлесіп өткізген ұланасыр мерекеде Өскемен қаласы «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов сөз алып, жиналған ел алдында  Наурыз мейрамына жан-жақты тоқталды: «Наурыз ежелден халқымыздың дәстүріне терең сіңген, әденеше ғасырлық тарихы бар ұлы мейрам. Біз бабаларымыздың салған жолымен исламмен астасқан дәстүрімізге сай Ұлыстың ұлы мейрамын атап өтіп келеміз. Биыл да мешітімізден жалпы халықтық шаралар легі толассыз ұйымдастырылатын болады» деп атап өтті, мерекенің ашылу рәсімінде.

Ол сонымен қатар елімізге бейбітшілік тілеп, халқымызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Теміржолшылармен бірлесе өткізген көңілді мейрамда әсем ән әуелеп, қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетілді. Ақшаңқан киіз үй тігіліп, наурыз көже үлестірілді.

 Шығыстағы мешіттер жыл басы Наурызды мерекелеуді  осылай бастап кетті. Алда ауқымды мерекелік шаралар жоспарланып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі