Балалы үй базар, баласыз үй мазар деп дана халқымыз айтпақшы, баланың дүниеге келуі әр қазақ отбасын қуанышқа бөлейді. Перзент жеміс ағашы, жеміс ағашын қалай күтсен, солай жемісі дәмді әрі жақсы болып өседі. Ұл бала болсын, қыз бала болсын еркелетіп, қолын қақпай өжетқып өсірген екен ата бабаларымыз. Әсіресе ана балалы болғанына қуанып, түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеп өсіреді. Ата-анасы баланы қанатты қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай әр жамандық атаудан қорғайды, деп сөз бастады Семей қалалық «Тас» мешітінің найб имамы Жүнүсбек А.С. Осы тақырып аясында түрлі қиссалар және өмірден алынған мәнді әрі әсерлі тақырыптарда санаға сіңімді насихат айтылды. Мешіт шәкірттері Автомех коледжінің студенттері аналарға арнап «Көңіл толғау», «Анаң барда қадірле» әндерімен тәнті етті. Артынша өз лебіздерін білдіріп, Халықаралық аналар мейрамымен құттықтады. Семей қалалық Дін орталығының маманы Қуаныш Мұратбекұлы сөз кезегін алып, аналарға ақ тілегін айтты. Бүгінгі рухани отырыстың бір куәсі болғаныма өзім қатты қуаныштымын деді. Әйелдер және қыздар секторының мүшелері «Ана мен Бала»атты көрініс көрсетіп бала мен ананың қатынасы қалай болатындығын көрініс арқылы тамашалатты. Ақ дастарханға қонақтары ақ жаулықты аналарымызда өз алғыстарын білдіріп, енбектерін жана берсін деп ақ тілектерін айтты. Арнайы жасалған дастарханың соныңда көп балалы аналарды мерекелерімен құттықтай отырып «Тас» мешіттің найб имамы шоқ гүлі мен сыйлақтарын табыс етті. Әр сөзін дінмен сабақтастыра келе, өсіп келе жатқан ұрпақ зейнетін көрсетсін деп лебізін білдірді. Көп балалы аналар: Аканова Әсем, Консупаева Гулжахар, Қоқымбаева Алтынғайша, Нілбаева Алуа, Тырнахова Гульнар, Жақсылықова Қызғалдақ, Розақажы Жангірханқызы, Бижамалқажы Рахымқызы, Айымғайша Омарғалиқызы, Суюпова Ферхан сынды көп балалы аналарымызға Жаратқан Аллам берекелі өмір,қайырлы ғұмыр сүруді нәсіп етсін деп сөзін қортындылады найб имам.
Семей қалалық «Тас» мешітінің баспасөз қызметі.