Аягөз қаласындағы аудандық әскери пайдалану бөлімі мекемесінде мешіттің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайрат Дайырбаев сонымен бірге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» маманы Айжан Муратқанқызы қатысуымен «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға қатысушыларға асыл дініміздің құндылықтарымен қатар теріс ағымдар жайлы, олардан сақтану жолдарымен бірге психологиялық тренинг ойыны көрсетіліп, керекті мағлұматтар берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар алынды.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.