АЯГӨЗ: СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

Аягөз қаласындағы политехникалық колледжінде жатаханада тұрып оқитын студент жастарға орталық мешіттің ұйымдастыруымен ауызашар себеті таратылды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір сөзінде: « Амалдардың ең үстемі – бір мұсылманның айыбын жасыру, қарынын тойғызу және қажеттілігіне көмектесу арқылы қуанту» – деп, ораза айында игілікті істерді атқаруға шақырған. Атсалысқан азаматтарға Алланың нұры жаусын! Қасиетті Рамазанда ораза тұтқан студенттер мешіттің ізгі шарасына ризалықтарын білдіріп, алғыс айтты.