Аягөз қаласындағы №5 орта мектепте 6 – 7 класс оқушыларымен «Дін мен дәстүр» атты тақырыпта кездесу өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайрат Боранбайұлы және Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Айжан Мұратханқызы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: болашаққа бағдар рухани жаңғыру, жаһандық бәсекеге қабілеттік» жолдауындағы ұлттық сана, негізгі болмыс жайлы тоқталып, дәстүрімізді, тілімізді құрметтеу, Отанды сүю, ата – ананы сыйлау жайлы баяндады. Сонымен бірге жат ағым мәселесі де тақырыптан тыс қалған жоқ. Оқушылар сұрақтарына жауап берілді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.