№97616 әскери бөлімдегі кездесу.

Аягөз қаласындағы №97616 әскери бөлімде «Дін және дәстүр» атты тақырыпта кездесу өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайрат мырза, Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Айжан ханым Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық жаңғыру, ұлттық сананың кемелдендіруі, ұлттық код, ұлттық мәдениеттің өркендеуін айта келе, қоғамдағы жат ағымнан сақтану, олардың қателіктерін жасамау, сақ болу жолдарын баяндады. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.