Күндердің сұлтаны болған қасиетті Жұма күні Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешітте тегін нан таратылды. Ұйымдастырылған шарада халық ас атасы – нанды қалауларынша ақысыз алып жатты. Азық-түліктің бағасы шарықтаған тұста бір күндік нанның тегін таратылуының өзі үлкен көмек. Жұма күнгі осындай игілікті істің жасалғаны қарапайым халықты бір қуантып тастады.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.