ҚМДБ-ның бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің, Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлының келе жатқан қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу туралы тапсырмаларын орындау мақсатында Бесқарағай ауданының орталық мешітінде ауыл имамдарымен жиналыс өтті.Жиында ауданның бас имамы Серікжан Аманұлы бас муфтидің Рамазан айына қатысты үндеуін оқып таныстырып, өкіл имамның тапсырмаларын айтып, пітір-садақа бағасы мен ораза айының намаз уақытына байланысты кестелер мерзімі хабарланды. Жиында сондай-ақ,19-шы сәуірде Астана қаласында өткен имамдардың 2-ші форумындағы қабылданған құжаттар таныстырылып, ауыл имамдарының бес айда атқарған жұмыстарын саралай келе, Рамазан айында мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек жасау, мешіт тарапынан ауызашар ұйымдастыру, халық арасында ауызбіршілік, имандылық үгіт насихатты күшейтуді тапсырды.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.