Аягөз қаласындағы «Қазақтелеком» мекемесінде «Дін және дәстүр» атты тақырыпта кездесу өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайрат Боранбайұлы және «Дін мәсәлелерін зерттеу орталығының» психолог мамандары Айжан Мұратханқызы, Айгерім Асқарқызы қатысты. Әр мамандар өз саласында дінімізбен қоғамдағы өзекті мәселелерге, соның ішінде жат ағыммен олардан сақтану жолдарын айтып түсіндірді. Қасиетті рамазан айымен құттықтап, ел – жұрт тыныштығында бейбітшілік баяндылығы тіленді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.