Аягөз қаласындағы Қадыр түні

Аягөз қалалық мешітінде Қадыр түні жамағат көп болды. Тарауық намазы оқылып, қасиетті түн жайлы уағыз – насихат айтылды. Таһажуд намаздары оқылып, жеке құлшылыққа уақыт берілді. Мешіт жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері ауылдарға барып, ауыл молдаларына қолғабыс тигізді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.