Семей жамағаты қариды шығарып салды Фото

Қасиетті Рамазан айында Құран-Кәрімді қатым етудің жөні бір бөлек екені белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде бір ай бойы тарауық намазында Құранды бастан аяқ оқып, хатым еткен Вахдетдин Ақбулт бауырымызға  жамағат Алла разы болсын! – деп ризашылығын айтып қазақи дәстүр бойынша құтты қонағымыздың иығына шапан жапты. 114 сүре, 6666 аяттан болған сауапты, Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп дұға қылған, өкіл имам Мақсат Қуанышұлы, еліміздің іргесі аман болуын, тыныштығымыз тұрақты болуын, береке-бірлігіміз жарасып, қуаттана беруді нәсіп етсін деп, Алла Тағала әр түрлі табиғи апаттардан, қауіп-қатерлерден сақтасын деп дұға етті. Дініміз тұрғысында 30 пара Құран аударылған жерде береке болады деген. Осы мақсатта әр облысқа қарилардың келуін қамтамасыз етіп отырған, дінбасы Серікбай қажы ОРАЗ хазіретке жамағат алғыстарын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі