ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша Жастар ісі секторының өкілі Омаров Ерлан Досымұлының ұйымдастыруымен Семей орталық мешітінде Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуын талқылау мақсатында жас имамдар мен Семей қалалық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесі ақпараттық насихат жұмысы секторының бас маманы Думан Серікұлы мен Жастар ресурстық орталығының маманы Балнұр Есболатқызы қатысты. Кездесуді ашқан Семей аймағының өкіл имамы Мақсат Қуанышбекұлы Жолдауға қатысты өз ойымен бөлісті. Жолдаудың стратегиялық маңызы мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді. Келер жыл «Жастар жылы» болуына байланысты жоспарлар құрылып, орындалуын талап етті.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.