Аягөз қаласындағы көп салалы мектеп гимназиясында «Дін және дәстүр» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайрат «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» психолог маманы Айжан Мұратханқызы қатысты. Кездесуге келгендер экстремизмнің ылаңы, терроризмнің жер – жерлерде салып жатқан жамандығы жайлы айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді. Кездесуде «Оразадағы ойран» атты бейнеролик көрсетілді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.