Лицейдегі кездесу

Аягөз қаласындағы қалалық лицейде 8 – 10 класс оқушыларымен «Дін және дәстүр» атты тақырыпта кездесу өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» психолог мамандары Айжан Мұратханқызы, Айгерім Асқарқызы қатысты. Өз кезегінде сөз алған қатысушылар оқушыларға дініміздің асыл құндылықтарымен қатар жат ағым жайлы насихат айтылды. Проектор арқылы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар сұрақтарына жауап берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.