Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «…біреу ораза ұстағанды тамақтандырса, оның күнәлары кешіріліп, тозақ отынан азат етілуіне септігін тигізеді. Әрі ол ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, одан ораза ұстаушының сауабы кемімейді.» деп айтқан. Хадисте айтылған сауапты алу ниетімен ҚМДБның Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен «Тыныбай» қалалық мешітінде қаламыздағы сауат ашу курстарының шәкірттеріне ауыз ашар берілді. Қасиетті Құран аяттары оқылып, уағыз насихат айтылды. Өз кезегінде ақ жаулықты әжелеріміз баталарын беріп, келген қонақтар да ризашылықтары3н білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.